Түркістан облысында полицейлер 30 отбасыға құқықтық кеңес берді

Түркістан облысында полицейлер 30 отбасыға құқықтық кеңес берді

     Түркістан облысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" акциясы ұйымдастырылды.

     Іс-шара аясында Кентау қаласында профилактикалық есепте тұрған 30 отбасының тұрғылықты мекенжайлары араланып, құқықтық кеңестер берілді.

     Полицейлер тұрғындарға отбасындағы татулықтың маңызы мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратты.

     Акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, отбасындағы қауіпсіздік пен бірлікті нығайту.