
Ішкі істер министрлігі ел жолдарындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.
Қазіргі уақытта ведомство жекелеген өңірді тексеру форматына көшті. Дәл қазір мұндай іс-шаралар Ақтөбе облысында белсенді түрде өтіп жатыр.
- Тиімділікті барынша арттыру үшін Астана қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары патрульдік полиция бөліністерінің қосымша күштері мен құралдары тартылды. Бұған дейін мұндай мақсатты тексерулер Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында өз тиімділігін дәлелдеген болатын. Тәжірибе көрсеткендей, күштерді жұмылдыру ең қауіпті құқық бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік береді, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлнұр Құдайбергенова.
Ақтөбеде іс-шараның екі күнінде жол жүрісі қағидасын бұзудың 1351 дерегіне тосқауыл қойылды. Апаттылыққа тікелей әсер ететін және азаматтардың өміріне қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда екі күн ішінде:
Сонымен қатар жолдарда апатты жағдайлар тудыратын жүйелі бұзушылықтардың жолы кесілді:
Жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылды. Олардың тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 66 дерегі тіркелді. Екі күнде арнайы айыппұл тұрақтарына 110 көлік қойылды. Оның ішінде 11 автокөлік шетелдік есепте тұрған, сондай-ақ түрлі бұзушылықтары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынған 41 көлік құралы бар.
Мұндай тексерулер елдің басқа өңірлерінде де жалғасатын болады. ІІМ жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын сақтауды ескертеді.