Түркістан облысында полицейлер 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын заңсыз тастаған тұлғаларды анықтады

Түркістан облысында полицейлер 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын заңсыз тастаған тұлғаларды анықтады

     Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

     Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Қызылорда тас жолы бойында орналасқан көлік желімдеу орталығының жұмысшыларының белгіленбеген орынға шамамен 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын тастағанын анықтады. Сондай-ақ Тәуке хан даңғылы бойында құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерге төккен тұрғын белгілі болды.

     Аталған деректер тәртіп сақшыларының бейнежетонына тіркелген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.

     Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және белгіленген талаптарды қатаң ұстануға шақырады.