"Спорт – нашақорлыққа қарсы": Атырауда 700-ге жуық спортшының қатысуымен каратэден ашық турнир өтті

"Спорт – нашақорлыққа қарсы": Атырауда 700-ге жуық спортшының қатысуымен каратэден ашық турнир өтті

     Атырау облысында Кекушинкай каратэ-до Намыс федерациясының ұйымдастыруымен "Спорт – нашақорлыққа қарсы" тақырыбындағы каратэден ашық турнир өтті.

     Халықаралық деңгейдегі бұл жарысқа төрт мемлекеттен келген 700-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

     Турнирге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Габитов пен жедел уәкіл Айбол Ідірісов арнайы қатысты.

     Шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі қылмысының алдын алу және спортқа баулу арқылы нашақорлықтың жолын кесу.

     Жарыс барысында қатысушылар әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсеке өрбіді. Нәтижесінде 32 салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар алтын, күміс және қола жүлделерге ие болды. Жеңімпаздарға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

— Жастардың денсаулығы – еліміздің салауатты болашағының кепілі. Каратэ сияқты спорт түрлері жасөспірімдердің өз қабілетін дамытуына, жеңіске ұмтылуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал етеді. Спортқа деген қызығушылықты арттыру – біздің басты міндетіміз, — деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Габитов.