Орталық Азия елдері мен Қытайдың ішкі істер органдары қауіпсіздік саласындағы практикалық өзара іс-қимылды күшейтуде

Орталық Азия елдері мен Қытайдың ішкі істер органдары қауіпсіздік саласындағы практикалық өзара іс-қимылды күшейтуде

     Астанада «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында өңірлік қауіпсіздікті нығайту, трансұлттық қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

     Қазіргі заманда қауіп-қатердің артуына байланысты құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды енгізуге және кәсіби байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

- Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселелері өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Бүгінде әр елдің құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында практикалық ынтымақтастықты күшейтіп келеді.

Өткен бір жыл ішінде бірқатар бірлескен іс-шара өткізілді. Салалық бөлімшелер мен ведомстволық оқу орындары арасында тәжірибе алмасу кеңейіп, заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялар бағыты бойынша өзара іс-қимыл дамып келеді.

Ортақ міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи сын-қатерлерге дер кезінде әрекет ету және «Орталық Азия – Қытай» форматына қатысушы елдердің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бұл формат өзінің практикалық маңыздылығын дәлелдеп, өңірлік қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысқа қосымша мүмкіндіктер ашуда, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

     Еске сала кетейік, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы алғашқы кездесу 2024 жылы Ляньюньган қаласында өткен.