Жамбыл облысында есірткі заттарын анықтау бойынша әлеуметтік эксперимент өткізілді

Жамбыл облысында есірткі заттарын анықтау бойынша әлеуметтік эксперимент өткізілді

     Жамбыл облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сот-сараптамалық зерттеулердің мүмкіндіктері туралы азаматтарды хабардар ету мақсатында әлеуметтік эксперимент өткізді.

     Іс-шара аясында полицейлер Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығының өңірлік филиалына жүгінді. Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу бөліністеріне сыртқы түрі тыйым салынған заттарға ұқсас заттың үлгісі тапсырылды.

     Тестілік үлгі ретінде пакетке салынған кәдімгі аспирин пайдаланылды. Сарапшы арнайы жабдықтың көмегімен зерттеу жүргізіп, нәтижесінде ұсынылған заттың есірткі құралы емес екенін анықтады.

     Сараптама барысында маман талдау процесін көрсетіп, осындай заттарды анықтауға арналған жабдықтың жұмыс істеу қағидаларын түсіндірді.

     Эксперименттің мақсаты — өңір тұрғындарына облыста кез келген күмәнді заттардың құрамын дәл әрі жедел анықтай алатын арнайы бөліністің жұмыс істейтінін көрсету.

     Полицейлер азаматтарды есірткі қолданудан және таратудан бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, ал белгісіз заттар табылған жағдайда мамандарға жүгінуге шақырады.