
Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
1. "Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі"
2. "Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар"
3. "Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады"
Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru
Қатысу талаптары:
Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.