Қазақстан мен Австрия ішкі істер министрліктері қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимылды нығайтуда

Қазақстан мен Австрия ішкі істер министрліктері қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимылды нығайтуда

     Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Австрияның Федералдық ішкі істер министрі Герхард Карнерді қабылдады.

     Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды: трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру және экстрадициялау, сондай-ақ көші-қонды бақылау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері.

     Ведомстволар арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және практикалық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

     Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды тереңдету және заманауи қауіп-қатерлерге қарсы күресте күш-жігерді үйлестіру ниетін бекітетін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

     Сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

     Бұл келісімдер қауіпсіздік саласындағы Қазақстан – Австрия әріптестігін дамытуға қосымша серпін береді.