Атырауда оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

Атырауда оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

     Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Алаш" жеке меншік мектебінде "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. Аталған іс-шараға киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысып, жасөспірімдерге құқықтық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Кездесу барысында мамандар есірткі құралдарының заңсыз айналымының салдары, оның адам денсаулығы мен қоғамға тигізетін ауыр зардаптары туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар интернет кеңістігінде таралатын есірткіге қатысты заңсыз ұсыныстар мен алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары да түсіндірілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауап алды.

     Іс-шараға 50-ге жуық оқушы қатысып, есірткінің зияны мен оның алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты мәліметке қанықты. Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

     Есірткі қылмысының алдын алу – баршаның ортақ міндеті.