
Жұмыс сапары аясында Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Арқалық қаласының полиция басқармасына барды.
Сапар барысында ол бөлімшенің қызметімен, өңірдегі жедел жағдаймен танысып, сондай-ақ қызметтік жұмыстың ұйымдастырылуы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін тексерді.
Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою тиімділігін арттыру, қызметтердің өзара іс-қимылы және жедел жұмыстың сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жеке құраммен кездесу өтіп, онда қызметтің өзекті мәселелері, тәртіп және ішкі істер органдары қызметін одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.
Маңызды кезеңдердің бірі – Арқалық қаласында Жедел басқару орталығының ашылуы болды. Жаңа орталық оқиғаларға әрекет ету жүйесін жаңғырту және қабылданатын шешімдердің жеделдігін арттыру мақсатында құрылған. Ол тәулік бойы жағдайды бақылауды, полиция жасақтарының қызметін үйлестіруді және күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз етеді.
- Орталықтың жұмыс істеуі "102" пультіне түсетін жүктемені едәуір азайтуға, азаматтардың өтініштерін өңдеу жылдамдығын арттыруға және бөлімшелер арасындағы үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттердің неғұрлым тиімді орындалуына ықпал етеді, – деп атап өтті Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Жедел басқару орталығының ашылуы – полицияны цифрландыру мен жаңғыртудың кезекті қадамы болып табылады, ол қызмет сапасын арттыруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған.