Қостанай облысында полиция тұрғындарға қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын заттарды тағуға шектеу туралы түсіндірді

Қостанай облысында полиция тұрғындарға қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын заттарды тағуға шектеу туралы түсіндірді

     Қостанай облысында  полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жасыратын маскаларды тағу заңмен шектелгендігін түсіндірді.

     Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы полиция департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарын еске салады.

     Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануды қиындататын киім-кешектерді киюге жол берілмейді. Олардың қатарына маскалар, балаклавалар және сыртқы келбетті жасыратын өзге де құралдар жатады. Заңда көзделген жағдайлар (ауа райы жағдайлары, медициналық көрсетілімдер, қызметтік қажеттілік) бұған кірмейді.

     Аталған шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

     Полиция тұрғындарды белгіленген талаптарға түсіністікпен қарап, оларды қатаң сақтауға шақырады. Талаптарды бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.