Ақмола облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтті

Ақмола облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтті

     Ақмола облысының Зеренді ауданында "Жолда қабылдау" кең ауқымды акциясы өтті.

     Шараның мақсаты – жол қауіпсіздігіне назар аударту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

     Акция аясында 200 шақырымдық автошеру ұйымдастырылып, оған қызметтік көліктермен қатар апатқа ұшыраған көлік, өрт сөндіру және жедел жәрдем техникасы қатысты.

     Тұрғындарға автокөлікті тіркеу, нөмір алу бойынша консультациялар берілді. Жастармен кездесулер өткізіліп, жол ережелері, интернет-алаяқтық және құқық бұзушылық салдары түсіндірілді.

     Іс-шара соңында белсенді 13 тұрғын марапатталды. Тұрғындар жол жөндеу жұмыстары мен инфрақұрылымға қатысты сұрақтарын қойды.