
Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған “Таза Қазақстан” ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда.
ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен бөлімінің қызметкерлері аталған акцияға қатысып қолдау білдірді.
Полицейлер белсенді еріктілермен бірге Меновное кентіндегі аллеяны тазалауға шықты. Үйреншікті жұмыс ортасын абаттандыру құралдарына алмастырған қатысушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақты қоқыстан тазартып, ауыл тұрғындарының демалыс орнын таза әрі жайлы ете түсті.
Бүкіл ел бойынша өтіп жатқан “Таза Қазақстан” акциясы қалалар бен ауылдардың тазалығы жолындағы ортақ мақсатқа күш біріктіруде.
Мұндай бастамалар экологияны жүйелі түрде жақсартуға және қоғамда Отанымыздың табиғи мұрасын сақтауға деген шынайы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.