ІІМ Halyk+ жалған платформасына қатысты алаяқтық туралы ескертеді

ІІМ Halyk+ жалған платформасына қатысты алаяқтық туралы ескертеді

     Ішкі істер министрлігі жасанды интеллекттің заманауи технологияларын қолданумен байланысты интернет-алаяқтықтың жаңа түрі анықталғанын мәлімдеді.

     Әлеуметтік желілерде deepfake арқылы банктердің бірінің басшысының бейнесі қолданылған бейнеролик таралуда. Бұл роликте азаматтарға Halyk+ деп аталатын инвестициялық платформаның көмегімен ірі көлемде ақша табуға болады деген жалған ақпарат айтылады.

     Ішкі істер министрлігі мұндай платформаның жоқ екенін мәлімдейді. Таралып жатқан ақпарат жалған және азаматтарды адастыруға бағытталған. Бұл ақшалай шығынға әкелуі мүмкін.

     Азаматтар кез келген белгісіз онлайн-платформалар арқылы ақша салу туралы ұсыныстардың алаяқтық тәуекелі жоғары екенін естен шығармауы тиіс. Қауіпсіздік мақсатында қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке барып жүргізу қажет.

     Ішкі істер министрлігі азаматтарды:

  • әлеуметтік желілердегі күмәнді бейнероликтер мен жарияланымдарға сенбеуге;
  • белгісіз сілтемелерге өтпеуге;
  • жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге;
  • ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.

     Егер сіз осындай материалдарды байқасаңыз немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу ішкі істер органдарына хабарласыңыз.