Абай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді

Абай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді

     Абай облысы полиция департаменті 2026-2028 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар" аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

     Осы жылдың бірінші тоқсанында 63 есірткі құқық бұзушылығының жолы кесіліп, тыйым салынған заттардың одан әрі таралуына тосқауыл қойылды. Бұл өз кезегінде жаңа тұлғалардың, әсіресе жастардың заңсыз айналымға тартылу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді.

     Заңсыз айналымнан 50 келіден астам түрлі есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді. Осылайша олардың халық арасында таралуының алдын алынып, азаматтардың денсаулығына төнетін қауіптің азаюына ықпал етілді.

     Жыл басынан бері есірткі айналымына қатысы бар 18 адамның қылмыстық әрекеті тоқтатылып, олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нәтижесінде өткізу арналары жойылып, тыйым салынған заттардың әрі қарай таралуына жол берілмеді.

     Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен өңірге есірткі жеткізудің бір арнасы жойылды. Сонымен қатар Семей қаласында екі фитозертхана анықталды.

     "Антифрод" ақпараттық жүйесі арқылы 722 есірткіге қатысты сайт пен 120 дроп-карта бұғатталып, 1 030 794 теңге көлеміндегі қаржының заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

     Алдын алу және профилактикалық жұмыстар шеңберінде 207 іс-шара өткізілді. Қазіргі уақытта наркологиялық қызметтің есебінде 382 есірткі тұтынушы тіркелген.

     Жалпы жүргізіліп жатқан кешенді шаралар құқықбұзушылықтардың алдын алуға, есірткі қылмысының деңгейін төмендетуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Полиция қызметі алдын алу қағидатына негізделіп, заң мен тәртіптің сақталуын жүйелі түрде қамтамасыз етуде.

     https://youtu.be/AIm4dUy3cZ8абай