
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті "Esbol Qory" республикалық қорымен бірлесіп, "Есірткісіз Qazaqstan" жобасы аясында профилактикалық іс-шаралардың үш күндік марафонын аяқтады.
Облыс орталығы нашақорлықпен күрестің жаңа әдістерін әзірлеу алаңына айналды. Полицейлер, қоғам белсенділері мен жастар көшбасшылары өскелең ұрпақты қорғаудың тиімді жүйесін құру үшін күш біріктірді.
Үш күн ішінде атқарылған жұмыс:
Жұмыс қорытындысын түсіндіре келе, "Esbol Qory" қорының төрағасы және ҚР ІІМ жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Жандос Ақтаев пікірін білдірді.
— Біздің негізгі мақсатымыз — жай ғана ақпараттандыру емес, жастардың бойында есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру. Шығыс Қазақстандағы осы күндер ішінде біз құқық қорғау органдары тарапынан да, оқу орындары тарапынан да ынтымақтастыққа деген жоғары дайындықты көрдік. Қол қойылған меморандумдар — бұл жергілікті жерлердегі нақты, күнделікті жұмыстың іргетасы, — деді ол.
Марафонның басты нәтижесі — күш-жігерді жұмылдыру болды. ШҚО полициясы мен "Esbol Qory" қоры әлеуметтік бастамаларды енгізу үшін ортақ платформа құрды. Бүгінгі таңда облыста құқықтық тәртіпті нығайтуға және тәуелділікпен күресуге бағытталған 25 жоба іске қосылды.
Есірткі қылмысымен күрес — бұл тек азаматартды қылмыс үшін ұстау ғана емес, сонымен қатар сапалы профилактика. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ШҚО ПД-ның ерекше бақылауында.