Алматыда студенттерге жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік мәдениеті түсіндірілді

Алматыда студенттерге жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік мәдениеті түсіндірілді

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде полиция қызметкерлері мен студенттердің қатысуымен ашық әрі конструктивті диалог форматында профилактикалық кездесу өтті.

     Іс-шара барысында басты назар жолдағы тәртіп пен көлік мәдениетіне аударылды. Электркөліктің кеңінен таралуына байланысты студенттерге оны пайдалану талаптары түсіндіріліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.

— Бүгінде электркөлік құралдарын пайдаланушылар саны артып келеді. Алайда олардың барлығы бірдей самокаттар мен өзге де қозғалыс құралдарының жол қозғалысының толыққанды қатысушысы екенін түсіне бермейді. Ережелерді елемеу, бастапқы дағдылар мен тәртіптің болмауы жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғуда. Біздің міндетіміз — жастар арасында жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинұр Тасыбаев.

     Кездесудің жеке бөлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу және күнделікті өмірде қырағылық танытудың маңыздылығы ескертілді.

— Кез келген құқық бұзушылық, тіпті болмашы болып көрінгенімен, жалпы криминогендік ахуалға әсер етеді. Сондықтан немқұрайлы болмау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге дер кезінде әрекет ету маңызды. Қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады, – деп түйіндеді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.