Ішкі істер министрлігінде "ARLAN" спорт клубы құрылды

Ішкі істер министрлігінде "ARLAN" спорт клубы құрылды

     Ішкі істер министрлігі дене дайындығы мен спортты дамытудың жаңа ведомстволық моделін іске асыруға кірісті. Осы бастама аясында Ішкі істер министрінің бұйрығымен "ARLAN" спорт клубы құрылды.

     Клубтың мақсаты - дене дайындығының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, құрама командаларды нығайту және ведомство ішіндегі спорттық жұмысты үйлестіру.

     ІІМ спорт клубы қызметкерлердің қызметтік дайындығын арттырудың маңызды элементі ретінде қарастырылады. Негізгі назар тәртіпті нығайтуға, төзімділікті арттыруға, моральдық-психологиялық тұрақтылықты күшейтуге және күнделікті қызметте қажетті практикалық дағдыларды дамытуға аударылады.

     Сонымен қатар мұнда балалар мен жасөспірімдер бағытын дамыту да қарастырылады. Оның ішінде "Жас сақшы" бейіндік сыныптарымен өзара іс-қимыл арқылы құқықтық тәрбие беру, патриоттық рухты қалыптастыру және жастарды кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

     Жарыстар, оқу-жаттығу жиындары, сондай-ақ қызметкерлердің республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысуы ІІМ спорт клубының аясында өтеді.

     Алғашқы ауқымды іс-шаралардың қатарында Өскемен қаласында өтетін Ішкі істер министрі кубогына арналған хоккей турнирі және Алматы қаласында ІІМ бөліністері арасында өтетін дзюдо жарыстары бар.

     Алдағы уақытта ІІМ басқа да қоғамдық бірлестіктермен және өзге ведомстволардың спорт клубтарымен, атап айтқанда Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы, ТЖМ-нің "Batyr team" клубы, "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы және басқа ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастырады.