Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды

Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды

     Қарағанды қаласында "Есірткіге қарсы бірге күресейік" ұранымен кең ауқымды есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды.

     Іс-шараны қалалық полиция басқармасы өткізіп, оның басты мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы берік ұстаным қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамды есірткі құқықбұзушылықтардың алдын алуға жұмылдыру болды.

     Акцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 500-ден астам студенті, сондай-ақ еріктілер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. 

- Іс-шараның негізгі бағыттарының бірі — есірткі жарнамасын жою. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде тыйым салынған заттарды таратуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелері бар 2 мыңнан астамесірткі граффитиі боялып, жойылды, - деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.

     Сонымен қатар акция аясында тұрғындармен кең көлемді түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қала тұрғындарына есірткінің зияны, есірткі қылмыстарға қатысқаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ олардың таралуына қарсы іс-қимыл жолдары түсіндірілді. Ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

     Полиция акцияға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан барша қатысушыларға алғыс білдіреді.

- Есірткі қылмыстарының алдын алу және оларға қарсы күрес жұмыстары өңірде жүйелі түрде жалғасын табады, - деді Шахназар Салин.