
Қостанай қаласында “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері граффити жазбаларын жою бойынша акция ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара барысында есірткі заттарын және оларды таратумен байланысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын 100-ден астам заңсыз жазба өшірілді.
Акцияға есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ жоғары кооперативтік колледждің, индустриалдық және автожол колледжінің студенттері мен еріктілері қатысты.
Полиция мұндай профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Сонымен қатар мектептер, колледждер және жоғары оқу орындарының студенттерімен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, олардың арасында “Заң мен тәртіп” қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударады.