Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейдтер жүргізіп жатыр

Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейдтер жүргізіп жатыр

     Өңірде полиция, БАҚ өкілдерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ауқымды жедел-профилактикалық рейдтер жүргізілуде.

     Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау — құқық қорғау органдарының басты міндеті. Ал осы жолда халық пен билік арасындағы сенімді арттыруда БАҚ-тың рөлі ерекше. Себебі журналистер рейд барысын көпшілікке шынайы әрі ашық түрде көрсетеді.

     Мұндай бірлескен іс-шаралар барысында қала көшелеріндегі тәртіп, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, заң бұзушылықтардың алдын алу мәселелері басты назарға алынды.

     Рейд барысында тәртіп сақшыларымен барлығы 358 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

     Мысалы, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 64 дерегі, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың - 5, тыныштықты бұзудың 44 дерегінің жолы кесілді. Құқық бұзушылықтың дер кезінде жолын кесу, алдын алу және әрбір тәртіп бұзушыны жауапқа тарту жауапкершілікті қалыптастырудың, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстың маңызды құралы болып табылады.

     Сонымен қатар 42 жасөспірім заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болған.

     Баланы кешкі уақытта жалғыз жіберу арқылы оны қауіп-қатерге ұшыратып қана қоймай, заңды бұзуға дейін барады. Өйткені көбіне түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасалатыны жасырын емес.

     Рейд барысында ойын – сауық орындарында жастар арасында кальян тұтынуға жол берілмеді: темекі өнімдерін, оның ішінде кальянды тұтынудың 6 дерегінің жолы кесілді.

     Осындай бақылау мен түсіндіру жұмыстары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың азаюына, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне ықпал етеді.

     Рейд барысында 3 сәуір күні облыс орталығында полиция қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату фактісінің жолын кесті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл дер кезінде қабылданған шаралар одан да ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

- Қызылорда облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып келеді. Себебі мұндай шаралар халыққа құқықтық мәдениеттің маңызын түсіндіруге ықпал етпек. Өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі профилактикалық шаралар мен бақылау жұмыстарының нәтижесінде "Заң мен тәртіп" толық орнатылған, - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов.