Қостанай облысында интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді

Қостанай облысында интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді

     Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың қауіпті схемасы әшкереленді.

     Қостанай мен Қарағанды қалаларының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде күдіктінің заңсыз әрекеттері тоқтатылды.

     33 жастағы Қарағанды тұрғыны бұған дейін де осындай қылмыстар үшін сотты болған.

     Бұл жолы ол интернетте тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

     Шын мәнінде мұндай тұрғын үйлер болмаған, ал сенгіш азаматтар жоқ пәтерлер үшін ақша аударған.

     Тінту барысында күдіктіден: 

  • бірнеше ұялы телефон;
  • әртүрлі адамдардың атына рәсімделген банк карталары;
  • әртүрлі байланыс операторларының ондаған SIM-карталары тәркіленді.

     Полиция ескертеді: интернет арқылы тұрғын үй іздеу кезінде мұқият болыңыз. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және хабарландырулардың шынайылығын мұқият тексеріңіз — бұл сіздің қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі.