ІІМ алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ерлі-зайыптыларды ұстады

ІІМ алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ерлі-зайыптыларды ұстады

     ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады.

     Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

     Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

     Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.