ІІМ академиясында “Үздік тергеуші” мен “Үздік заңгер” байқауы жалғасуда

ІІМ академиясында “Үздік тергеуші” мен “Үздік заңгер” байқауы жалғасуда

     ҚР ІІМ Қарағанды академиясының базасында “Үздік тергеуші” және “Үздік заңгер” байқаулары аясындағы іс-шаралардың екінші күні өтті.

     Бекітілген бағдарламаға сәйкес, байқаудың екінші күні қатысушылар үшін кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған тәжірибелік тапсырмалар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, оқиға болған жерді оқу-жаттығу форматында қарау, сондай-ақ процессуалдық шешім әзірлеу — күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығару жүргізілді.

     Сонымен қатар студенттер мен курсанттар жағдаяттық тапсырмаларды шешу барысында теориялық дайындық деңгейін және құқық қолдану дағдыларын көрсетті.

     Бағдарламаның мәдени-танымдық бөлігі аясында қатысушылар Қарағанды облысының авиациялық базасына, сондай-ақ КарЛАГ музейіне барып, өңірдің тарихи мұрасымен танысты.

     Байқаудың екінші күнін өткізу қатысушылардың тәжірибелік дағдыларын бекітуге, аналитикалық ойлауын дамытуға және кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ықпал етті.