
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген арнайы жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден салмағы 11 келі болатын өсімдік тектес есірткі заты табылып, тәркіленді.
– Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Ведомство заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте көмектесетін кез келген ақпаратты "102" нөмірі арқылы немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады.