Полиция азаматтарды интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция азаматтарды интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

     Соңғы уақытта инвестициялар бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет-алаяқтар көбейген.

     Егер бұрын шабуылдаушылар "Қазатомөнеркәсіптің" фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмыскерлер екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.

     Сонымен бірге әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда. Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.

     Құқық қорғау органдары қаражатыңызды сақтау үшін күмәнді сілтемелерге өтпеуді дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуді, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты жіті тексеру керегін ескертеді.

     Әсіресе жоғары әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда немесе алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу және банкке хабар беру керегін еске салады.

     Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.