ІІМ-де Халықаралық әйелдер күні атап өтілді

ІІМ-де Халықаралық әйелдер күні атап өтілді

     Ішкі істер министрлігінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні атап өтілді.

     Иығына погон тағып, елі үшін аянбай еңбек етіп жүрген аруларды министр Ержан Саденов құттықтады.

- Cіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Әр күндеріңіз қуаныш пен мейірімге толы болсын! Мерекелеріңізбен! - деді министр.

     Айтулы күнге орай бірқатар офицер қыз-келіншектер марапатталды. Салтанатты шарада оларға құрмет көрсетілді.

     Әйел қырық жанды. Бір қолмен бесік тербетсе, бір қолмен әлемді тербетеді. Полиция ведомствосындағы ханымдар да қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етсе, отбасында ошағын түтіндетіп отыр. Сұлулардың құрметіне керемет концерт ұйымдастырылды.