Павлодарда "Динамо" спорт кешенінде полиция қызметкерлері арасында жарыс өтті

Павлодарда "Динамо" спорт кешенінде полиция қызметкерлері арасында жарыс өтті

     Павлодар қаласындағы "Динамо" спорт кешенінде Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншек полиция қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату және үстел теннисінен жарыстар өтті.

     Іс-шараның мақсаты – әйел полиция қызметкері күнделікті қарбалас қызметтен бір сәтке болса да спорт арқылы сергітіп, олардың жауынгерлік рухын шыңдау. Сонымен қатар бұл жарыс әр қала мен ауданнан келген әріптестермен танысып, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болды.

— Барлық қатысушылар өздерін лайықты әрі жақсы дайындалған маман ретінде көрсетті. Олар дәлдігі мен шапшаңдығын дәлелдеді. Мұндай дағдылар күнделікті қызметте біреудің өмірін сақтап қалуға немесе қылмыскерді тоқтатуға көмектеседі, — деді Павлодар облысы ПД арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ерік Төлегенов.

     Ату жарыстары төрт жаттығу бойынша өтті. Нәтижесінде жеке есепте "статикалық ату" жаттығуында Ризагуль Андасова бірінші орынды иеленді, екінші орын Айгерим Шугаиповаға, үшінші орын Асемгуль Шановаға бұйырды.

     "Статика" атысында Назым Сулейменова алтын медальға ие болды. Күміс жүлде Анастасия Алексееваға, ал қола медальдар Алия Малдаханова мен Динара Зайдулаеваға табысталды. Жылдам ату бойынша бірінші орынды Асем Рахимова, екінші орын Зура Ташеваға, үшінші орын Алина Кайкенова мен Арай Көкеноваға бұйырды.

     Дуэльдік атуда Дильназ Тлен үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Назгуль Есенбай иеленсе, үшінші орынды бірден үш полиция қызметкері – Аида Каратай, Сабина Кымбатова және Сания Жанахметова бөлісті.

     Үстел теннисі бойынша Асель Толубаева үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орын Дарима Ермекке бұйырды. Ал үшінші орынды Мадина Есемханова, Гульмира Тайлакова және Алзира Казакпай өзара бөлісті.

     Иықтарына погон таққан нәзік жандар өздерінің тек сұлулығымен ғана емес, мергендігімен, жауынгерлік даярлығымен және спорттағы шеберлігімен де ерекшеленетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

     Іс-шара соңында барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, медальдар, грамоталар және гүлдер салтанатты түрде табысталды.