
Ақтөбеде "Қазақ халқына мың алғыс" стелласы маңында гарнизондық саптық шеру өткізілді. Іс-шараға полицияның жеке құрамы, ҚР Ұлттық Ұланының әскери қызметшілері, ІІМ-нің мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ақтөбе заң институтының жеке құрамы және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты.
Гарнизондық саптық байқау облыста бастау алған "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасына байланысты ұйымдастырылды. Саптық шеру қаламыздың құқықтық тәртібін сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев үлгілі қызметкерлерді марапаттап, олардың қоғамдық тәртіпті сақтаудағы еңбегін атап өтті. Қатысушыларға азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау, заңдылықты қатаң сақтау және қызметтік міндеттерді адал атқару жөнінде тапсырмалар берілді.
Гарнизондық саптық шеру құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлескен әрі үйлесімді жұмысын көрсетті.