
Павлодар облысының тұрғыны Павлодар қаласы ПБ қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының атына облыс орталығының тұрғыны Шарбан Белялова кезекті алғыс хатын жолдады. Ол Павлодар қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Алихан Чикаев пен анықтаушы Айнагүл Нұржанованың қызметіне оң бағасын білдірді.
– Жұмыс күндерінің бірінде өзіме тиесілі киім бутигінде белгісіз азамат күртеше ұрлап кетті. Мен дереу полицияға жүгіндім. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мені мұқият тыңдап, жедел шаралар қабылдап, күдіктіні анықтап, ұрланған затты қайтарып берді. Алихан Чикаев мен анықтаушы Айнагүл Нұржанова Малғаждарқызына кәсібилігі, қылмысты жедел ашқаны және келтірілген шығынды өтеуге ықпал еткені үшін алғысымды білдіремін. Атқарып жүрген қызметтеріңізге рақмет, – деп жазды тұрғын.
"Заң мен тәртіп" – қоғамның берік негізі. Ал осы қағидаттарды қамтамасыз ету жолында полиция қызметкерлері алдыңғы шепте қызмет атқарады.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері көрсетілген сенім мен жылы лебіздер үшін азаматтарға ризашылықтарын білдіреді.