"Халық заңгері" акциясы: Түркістан тұрғындары тегін заңгерлік кеңес алды

"Халық заңгері" акциясы: Түркістан тұрғындары тегін заңгерлік кеңес алды

     Түркістан облысы аумағында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында "Халықтық заңгер" республикалық акциясы ұйымдастырылды.

     Аталған шараға түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, Түркістан облысы полиция департаментінің мамандары да белсенді қатысты.

     Акция барысында облыс тұрғындары көкейінде жүрген құқықтық сұрақтарына жауап алып, нақты мәселелер бойынша кәсіби кеңес ұсынылды. Әсіресе, интернет-алаяқтық, жол қозғалысы ережелері, әкімшілік және қылмыстық заңнама, көші-қон заңнамасы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелер бойынша сұрақтар жиі қойылды.

     Полиция департаментінің қызметкерлеріне жүгінген 15-ке жуық азамат құжаттандыру және қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, айыппұл төлеу мен интернет алаяқтық мәселелеріне көптеп тоқталды.