Атырауда интернет-алаяқтыққа қарсы “Anti-Fraud Call Center” орталығының ашылу салтанаты өтті

Атырауда интернет-алаяқтыққа қарсы “Anti-Fraud Call Center” орталығының ашылу салтанаты өтті

     Атырауда интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында "Anti-Fraud Call Center" орталығы ашылды.

     Орталық "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен бірлесіп жұмыс атқарып, азаматтарды қаскөйлердің айласына түсіп қалудан қорғап, осындай қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бүгінге дейін мұнда 100-ге жуық қоңырау түсіп, киберқылмыстардың жолын кесу бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізілуде.

- Call-орталық тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Қызметкерлер мониторинг барысында қылмыскердің қоңырау шалғанын анықтаса, дереу жәбірленушімен байланысып, ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Одан кейін алаяқтық әрекеттің жолын кесу және күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер тиісті жедел іс-шараларды жүзеге асырады, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

     Мамандар тұрғындарды белгісіз нөмірлерден келген қоңыраулар мен күмәнді сілтемелерге сенбеуге, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. Күдік туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына немесе 109 қызметтік нөміріне хабарласу қажеттігі де ескертілді.