Сталкинг пен тұрмыстық зорлыққа қарсы күрес: Павлодарда ауқымды форум өтті

Сталкинг пен тұрмыстық зорлыққа қарсы күрес: Павлодарда ауқымды форум өтті

     Полиция департаментінің бастамасымен өңірде қудалау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған форумы өткізілді.

     Форум жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, сарапшылар, психологтар, білім беру ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

     Іс-шара барысында сталкинг деректерін анықтау және жолын кесу, азаматтардың өтініштеріне ден қою алгоритмдері, қайталама зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалау тетіктері, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері талқыланды.

     Профилактикалық жұмысты жетілдіру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер тәжірибелік кейстерді, статистикалық деректерді ұсынып, алдын алу шараларын күшейту бойынша ұсыныстарын білдірді. Форум қорытындысы бойынша қудалау және тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыным әзірленді.

     Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.