
Маңғыстау облысының барлық аудан, қалаларында құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету мақсатында профилактикалық кабинеттер өз жұмысын бастады.
Кабинеттердің қызметі Маңғыстау облысы полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасымен ұйымдастырылып, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Профилактикалық кабинеттердің жұмысы азаматтардың мәселелерін кешенді әрі тұрғылықты жері бойынша шешуге бағытталған.
Кабинеттер құрамында:
• психологтар – дағдарыс жағдайларында, отбасылық жанжалдарда көмек көрсетеді, сондай-ақ тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жұмыс жүргізеді;
• нарколог дәрігерлер – алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу, кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
• медицина қызметкерлері – алғашқы консультациялар беріп, қажет болған жағдайда бейінді мамандарға жолдайды;
• әлеуметтік қызметкерлер – қолайсыз отбасылар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарды сүйемелдейді;
• полиция қызметкерлері – құқықтық кеңес береді, құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асырады және ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіреді.
Профилактикалық кабинеттердің ашылуы – құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге, әлеуметтік мәселелерді ерте кезеңде анықтауға және тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған маңызды қадам.