Мәжбүрлі некеге қарсы күрес: Түркістан облысында жаңа заң талаптары түсіндірілген маңызды форум өтті

Мәжбүрлі некеге қарсы күрес: Түркістан облысында жаңа заң талаптары түсіндірілген маңызды форум өтті

     Түркістан облысында жаңа заң талаптары түсіндірілген маңызды форум өтті.

     Қазіргі қоғамда қыз-келіншектердің қауіпсіздігіне төнетін қауіп түрлері көбейіп, психологиялық қысым көрсету, қудалау және мәжбүрлеу секілді әрекеттерге қарсы күрес күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отыр.

     Осыған байланысты құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту және тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында "Сталкингті тоқтат!" тақырыбында форум өтті.

     Оған әкімдік, құқық қорғау органдары, прокуратура, 500-ге жуық тұрғын қатысты. Форумға қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылық, сталкинг қудалау, аңду, қайта-қайта мазалау, психологиялық қысым көрсету әрекеттері үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

     Сонымен қатар қыз алып қашу мәселесі де кеңінен қозғалды. Қатысушылар бұл әрекеттің дәстүр емес, адам құқығын өрескел бұзу екенін атап өтіп, некенің тек екі жақтың өзара келісімімен ғана жүзеге асатынын айтты.

     Шара соңында тұрғындарға сталкинг пен мәжбүрлі некенің алдын алу бойынша арнайы жаднамалар таратылып, құқықтық көмек алу жолдары жөнінде ақпарат берілді.