
Дубайда өткен жыл сайынғы UAE SWAT Challenge халықаралық додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін елордада салтанатты түрде қарсы алды.
Биылғы жарыста ел намысын күштік құрылымдардың ең таңдаулы жауынгерлерінен құралған бес құрама команда қорғады.
Қазақстандық мергендер мен десанттар әлемдік деңгейде айрықша нәтиже көрсетті:
Kaz SWAT Team С — 1-орын
Kaz SWAT Team А — 2-орын
Kaz SWAT Team В — 8-орын
Kaz SWAT Team D — 20-орын
“Tomiris” - жалпы есепте 18-орын алып, ал әйелдер командалары арасында 1-орын.
Осылайша еліміздің арнайы бөліністері беделді турнирдің тұғыр биігінен бірден екі орынды иеленіп, кәсіби біліктілігі мен жауынгерлік дайындығының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мұндай жетістіктер Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып, күштік құрылымдардың абыройын асқақтатады және жеке құрам үшін зор үлгі.
Айта кетейік, ІІМ “Сұңқар” арнайы мақсаттағы жасағы өткен жылғы жарыс қорытындысы бойынша екінші орын иеленген болатын. Олар бірнеше жылдан бері халықаралық додаларда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Бүгінгі жетістік — жүйелі дайындық пен болаттай тәртіптің, мұқалмас рух пен командалық бірліктің жемісі.