
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жасырын фитозертхана қызметін анықтап, жолын кесті. Тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында белгілі болды.
Шығыс Қазақстан облысының 53 жастағы тұрғынына тиесілі тұрғын үй мен іргелес аумақты санкцияланған тінту кезінде полицейлер фитолаборатория түрінде жұмыс істеген арнайы жабдықталған үй-жайды тапты. Онда кәсіби жабдықтарды қолдана отырып, есірткі сипатындағы өсімдіктер өсірілген.
Заңсыз айналымнан 28 түп өсімдік, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес заты бар 18 полимерлі пакет, сондай-ақ өсіруге арналған техникалық құралдар: жарықдиодты шамдар, желдеткіштер және электронды таразылар тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.
Полиция есірткінің заңсыз айналымы қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін атап өтіп, азаматтарды бей-жай қарамауға шақырады. Есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты кез келген фактілер туралы дереу 102 телефонына хабарлау қажет.