ІІМ: Маңғыстау облысында апиын жеткізу арнасы жойылды

ІІМ: Маңғыстау облысында апиын жеткізу арнасы жойылды

     Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыруды жалғастырып жатыр.

     Атап айтқанда, ұзақ уақыт жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды.

     Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі.

     Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

     Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.