
5 ақпанда Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз түрде шетелге шығару бойынша қылмыстық схеманы анықтап, жолын кесті.
Сирек кездесетін құстарды аулау Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүзеге асырылған.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір топ адам, оның ішінде Баянауыл ұлттық паркінің қызметкері де ұсталды.
17 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 40-тан астам құс, 5 дана атыс қаруы, шамамен 200 оқ-дәрі, суық қарудың бірнеше түрі, құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді.
Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 120 миллион теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық ұсталған адамдар қамауға алынды.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.