Алматы полициясы: Kaspi.kz компаниясына жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды

Алматы полициясы: Kaspi.kz компаниясына жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды

 

Алматыда Kaspi.kz компаниясына жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды. Күдіктілер – Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдерімен ұсталды.

Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды. Заттай дәйектер – ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды.

Ұсталғандар қамауға алынды.