ІІМ қару айналымын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда

ІІМ қару айналымын бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда

     "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қару айналымын бақылау мақсатында 2 - 4 ақпан аралығында республика аумағында "Қызметтік қару" ЖПІШ өткізілуде.

     Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өз жұмысында қызметтік қаруды пайдаланатын заңды тұлғалармен, атап айтқанда қаруды сақтау орталықтары, қару-жарақ дүкендері, жеке күзет ұйымдары, атыс тирлері, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, аңшылық шаруашығымен қару айналымы талаптарының сақталуын тексеру.

     ІІО-да барлығы 2 мыңға жуық осындай нысан тіркелген. 3 күн ішінде 652 нысан тексеріліп, 75 заң бұзушылық анықталды. Оның 55-і қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзса, 20-сы қаруды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

     Мысалы, Қостанай қаласында қару сақтау орталығын тексеу барысында қару айналымы қағидаларының бірқатар бұзушылықтары анықталған.

     Нысан басшысына тиісті шаралар қабылданып, қару-жарақ бөлмесіндегі қарулар алынып ІІО қоймасына тапсырылды.

     Іс-шара аясында құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері нысан басшыларымен, олардың жұмыскерлерімен заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.