ІІМ-де Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің отырысы өтті

ІІМ-де Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің отырысы өтті

     ІІМ-де ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтің төрағалығымен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

     Отырыс барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026-2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілгені нақтыланды. Аталған жоспарға азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары енгізілген.

     Бірлескен жұмысты күшейту мақсатында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі Республикалық штабтың мәртебесі көтерілді. Енді ол Үкімет деңгейінде премьер-министрдің басшылығымен жұмыс істейді, ал өңірлерде штабтарды әкімдер басқарады.

     Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің бір жылдық жұмысының қорытындылары шығарылды. Аталған кезеңде 62 отырыс өткізіліп, 400-ден астам бейнеролик пен ондаған подкаст дайындалды. Жастарға, ата-аналарға және басқа да топтарға арналған 1100-ден астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

     Кеңес мүшелері жастармен кездесулерге, есірткіге қарсы акциялар мен ақпараттық науқандарға белсенді қатысты.

     Өңірлердегі жұмысқа ерекше назар аударылды. Елдің 9 облысы мен қаласында көшпелі отырыстар өткізіліп,  есірткіге қарсы іс-қимылдың өңірлік штабтарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.

     Аумақтық полиция бөлімшелері өкілдері мен кеңес мүшелерінің баяндамалары тыңдалып, қосымша алдын алу шаралары әзірленді.

     Сондай-ақ бірқатар түзеу мекемелерінде жүзеге асырылып жатқан сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің оң тәжірибесі ұсынылды. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды және кейінгі жұмысқа орналастыруды қамтитын бағдарлама тиімді деп танылып, ауқымын кеңейтуге ұсынылды.

     Қорытынды сөзінде Бауыржан Аленов кеңес мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы үшін тиімді алаң болуы тиіс екенін атап өтті. Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу барлық мүдделі тараптардың ортақ міндетіне айналуы қажет, ал жұмыстың тиімділігі тұрақты түрде қарастырылуы тиіс.

     Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық қызметті жандандыру, өңірлік кеңестердің құрамын қайта қарау және жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершілікті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.