ІІМ киберполиция департаментінің өкілдері Интерполдың киберқылмысқа қарсы отырысына қатысты

ІІМ киберполиция департаментінің өкілдері Интерполдың киберқылмысқа қарсы отырысына қатысты

     2–3 ақпан күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің киберполиция департаментінің өкілдері "Киберқылмыстың индустриялануын еңсеру" тақырыбында өткен Интерполдың киберқылмыс жөніндегі сараптамалық тобының (CyberEX) жыл сайынғы офлайн отырысына қатысты.

     Аталған іс-шара Интерполдың киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі директораты мен Гонконг полициясымен (HKPF) бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

     Жиынға 30-дан астам елден 120-дан аса қатысушы, оның ішінде киберқылмысқа қарсы күрес саласындағы құрылымдық бөліністердің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, салалық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

     Кездесу киберқылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдары арасындағы тығыз халықаралық ынтымақтастықтың маңызын көрсетті.

     Іс-шара барысында сарапшылар мен қатысушылар трансшекаралық жедел ақпарат алмасу, үйлестірілген операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл әлеуетін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

     Сонымен қатар отырыс аясында жасанды интеллект саласындағы заманауи технологиялар мен өнімдер ұсынылған көрме стендтері ұйымдастырылып, қатысушылар соңғы инновациялық әзірлемелермен және жаңа технологиялық шешімдермен танысу мүмкіндігіне ие болды.