ІІМ сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

ІІМ сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды

     ІІМ азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады.

     Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг.

     Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді.

     Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген.

     Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

     Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

     Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауға кепілдік береді.

     Заң бұзушылық – міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның "Жоқ" деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау міндеттелген.​

     Егер сізге немесе жақындарыңызға қатысты қудалау, аңду, жүйелі түрде мазалау әрекеттері орын алса, үнсіз қалмаңыз дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

     Құқығыңызды біліңіз және қорғаңыз!