Көкшетауда студенттерге арналған ауқымды есірткіге қарсы форум өтті

Көкшетауда студенттерге арналған ауқымды есірткіге қарсы форум өтті

     30 қаңтарда бірден бірнеше Көкшетау колледждерінің студенттерін біріктірген ауқымды есірткіге қарсы іс-шара өтті. Форумды ұйымдастырушылар бай және жан-жақты бағдарлама дайындады. Жастар алдында полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дархан Досанов, ПД есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшелері Александр Высоцкий, Асет Байжолов, Сұлушаш Бекмағанбетова сөз сөйледі.

     Форумға қатысушыларды спортпен шұғылдануға киокушинкай – кан каратэден спорт шебері, Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы, өзінің жеке үлгісімен салауатты өмір салтын насихаттаушы Азамат Такенов шақырды.

     Форумның басты тақырыбы жастарды есірткісіз өмір сүру пайдасына саналы түрде таңдау, есірткіге қарсы тұрақты ұстанымды қалыптастыру және студенттердің құқықтық сауатын арттыру.

     Әрбір баяндамада салауатты және қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын жас ұрпақ екенін атап өтті. Қатысушылардың назарын бұрын есірткі заттарын пайдаланған адамдардың, сондай-ақ есірткі қылмысы үшін сотталғандардың ашық әңгімелері аударды.

     Спикерлер жеке әңгімелерімен бөлісті, тәуелділіктің салдары, жойылған тағдырлар мен тек заң алдында ғана емес, сонымен жақындарының алдындағы жауапкершіліктер туралы айтты. Іс-шараның форматы студенттерге, қонақтарға өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға және кейде қатаң, бірақ шынайы жауаптарды тыңдауға мүмкіндік берді.

     Студенттер есірткі тұтынушылардың өмірінің "қараңғы" және ең қауіпті бөлігін көруге және өз қорытындыларын жасауға мүмкіндік алды. Мұндай форумдарды өткізу, есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың бойында тұрақты өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі.