
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "Адал полицей" акциясы өтті.
Акция барысында 180 мыңнан астам ақпараттық-профилактикалық буклет таратылды, ІІО ғимараттарында шамамен 12 мың ақпараттық материал орналастырылды.
Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бейнеролик көшелердегі LED-экрандарда, сауда үйлерінде, ХҚКО-ларда, банктерде, вокзалдар мен әуежайларда, сондай-ақ БАҚ-та және кинотеатрларда көрсетілді.
Жалпы көрсетілім саны 22 мыңнан астам болды. Сонымен қатар WhatsApp мессенджеріндегі шамамен 1 млн қатысушыны құрайтын топтық чаттарда әлеуметтік ролик таралды. Әлеуметтік желілерге жарияланды.
6 мыңнан астам дәріс өткізілді, оның ішінде шамамен 4 мыңын полиция қызметкерлерімен, ал 2,5 мыңын еңбек ұжымдарымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, жүйелі және салмақты жемқорлыққа қарсы күресті көрсету, сондай-ақ қызметтік іс-әрекетте адалдық, жауапкершілік және ашықтық принциптерін насихаттау.
Сондай-ақ азаматтарға полиция қызметкерлеріне пара берудің заңдық жауапкершілігін түсіндіру, өйткені жемқорлыққа қарсы күрес тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның бірлескен міндеті болуы қажет.
Құқық қорғау органдары заңды бұзудың кез келген фактілері қатаң әрі принципті түрде тоқтатылатынын, ал жауапкершілік шаралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданатынын атап өтті.