ІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады

ІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады

     Ішкі істер министрлігімен жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

     Іс-шараның үш күнінде жолда жүру қағидаларын бұзудың 40 мыңнан астам дерегі анықталды. Оның ішінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың — 313 дерегі, қарсы бағытқа шығудың — 175, міндетті сақтандыру талаптарын бұзу — 1 965 дерегі тіркелді.

     Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеудің — 2 147 дерегі, көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың — 2 698 фактісі, маневр жасау қағидаларын бұзудың — 3 146 дерегі тіркелсе, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың — 455 дерегі анықталды.

     Өткізілген шара нәтижелері жолда жүру қағидаларын бұзудың салдары жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер етіп, жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті.

     Ішкі істер министрлігі азаматтарды жол жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және қауіпсіздік әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.