
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті зиянды қосымшалар арқылы ақша ұрлау фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.
Алаяқтар қоңырау шалып, өздерін "Қазақтелеком" қызметкерлері ретінде таныстырады. Байланыс қызметіне жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғанын хабарлайды немесе "ерекше" жеңілдіктер ұсынады. WhatsApp мессенджері арқылы "деректерді жаңарту" немесе "жеңілдікті іске қосу" үшін сілтеме жібереді.
Сілтеме арқылы өткеннен кейін телефонға зиянды файл (APK) жүктеледі. Оны орнатқан сәттен бастап қылмыскерлер сіздің банк қосымшаларыңыз бен жеке деректеріңізге толық қашықтықтан қол жеткізеді.
Шабуыл белгілері: телефон қатты қызып кетеді, экран бұғатталып немесе басқару командаларына жауап бермей қалуы мүмкін.
Мұндай жағдайда:
Байланыс операторларының қызметкерлері ешқашан мессенджерлер арқылы үшінші тарап қосымшаларын орнатуға арналған сілтемелер жібермейтінін есте сақтаңыз!