Павлодарда полиция студенттермен бірге "Есірткіге қарсы бірге" профилактикалық челленджін бастады

Павлодарда полиция студенттермен бірге "Есірткіге қарсы бірге" профилактикалық челленджін бастады

     Павлодар қаласында тұрғындар мен қала қонақтары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Қала колледждерінің студенттері заңсыз есірткі айналымы мен оны тұтынуға төзбеушілік көзқарас қалыптастыруға бағытталған тақырыптық челленджге қатысты.

– Челленджге Павлодар жоғары мұнай-газ колледжінің студенттері белсенді қатысып, профилактикалық бастама көтеріп, эстафетаны Павлодар жоғары педагогикалық колледжінің студенттеріне жолдады. Жастар өз қатарластары мен қала тұрғындарын бейжай қалмауға, күмәнді деректер туралы уақытылы хабарлауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген құқықтық салдарды түсінуге шақырды, – дейді Павлодар қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша аға жедел уәкіл Эльмира Сейтахметова.

     Челлендждің негізгі мақсаты – есірткі құралдарын тұтынудың алдын алу, жастардың есірткінің таралуы мен жарнамасы мәселесіне назарын аудару, есірткі қолдану, тарату және наркограффити салу фактілерін анықтау бойынша азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру.

     Ведомствода атап өткендей, мұндай бастамаларды өткізу жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға және Павлодар қаласының оқу орындары студенттері арасында профилактикалық жұмысты нығайтуға ықпал етеді.

     Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған челлендж алдағы уақытта да жалғасады, оған қаланың өзге де оқу орындары қатыса алады.