Елордада "Заманауи криминалистикалық шешімдер" тақырыбында іс-шара өтті

Елордада "Заманауи криминалистикалық шешімдер" тақырыбында іс-шара өтті

     "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" аясында Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдастыруымен "Заманауи криминалистикалық шешімдер" атты криминалистикалық техника бағдарламасы өтті.

     Іс-шараның негізгі мақсаты — құқық қорғау органдары қызметінде заманауи ғылыми-техникалық құралдар мен цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану мүмкіндіктерін көрсету, криминалистиканың жаңа бағыттарын таныстыру және тәжірибелік әлеуетін арттыру.

     Бағдарламаға Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов, Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айбек Байсабыр, ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаменті, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұрсұлтан Қансейітов және сала мамандары қатысты.

     Іс-шара барысында криминалистика саласында қолданылатын заманауи ғылыми-техникалық құралдардың таныстырылымы өтті. Қатысушыларға оқиға орнында криминалистердің жұмыс барысы көрсетіліп, жылжымалы криминалистикалық зертхананың мүмкіндіктері таныстырылды.

     Сонымен қатар магнитооптикалық аспаптары арқылы қаруда жойылған нөмірлік белгілерді анықтау, аудиожазбаларды криминалистикалық сараптау және медиа деректерді өңдеуге арналған АПК мүмкіндіктері көрсетілді.

     Бағдарлама аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен суасты дрондарын қолдану, қылмыс орнын үшөлшемді форматта тіркеуге арналған камералар, газдарды, есірткі, жарылғыш және өзге де химиялық заттарды анықтайтын портативті анализаторларының қолданылуы таныстырылды. Аталған іс-шара криминалистиканың заманауи мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні құқық қорғау қызметіне тиімді енгізудің маңызын көрсетті.